Астанада алдағы демалыс күндері жауын-шашын болмайды

964

"Қазгидромет" РМК ауа райы болжамын ұсынды.

Астанада алдағы демалыс күндері жауын-шашын болмайды

Алдағы тәуліктерде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметінше, 18 қаңтарда елордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с.

19 қаңтар күні көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жылдамдығы 5-10 м/с жел соғады, ауа температурасы түнде -7...-9 °С, күндіз -1...-3 °С. 

20 қаңтарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде-6...-8 °С, күндіз-1...-3 °С.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу