Астанада алдағы уақытта кейбір көшелерде жол қозғалысы шектеледі

624

Астанада алдағы уақытта кейбір көшелерде жол қозғалысы шектеледі

Астанада жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты кейбір көшелер жабылады, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты.

"ЕХРО-2017" халықаралық көрмесіне дайындық аясында Астана қаласының әкімдігі Қабанбай батыр даңғылында су құбыры мен кәріз желілерін салу бойынша жұмыс жүргізуде.

Құрылыс монтаждау жұмыстарына байланысты елорда да бірнеше көше жабылады. Атап айтқанда, 15 - 25 сәуірде Алматы көшесінің Қабанбай батыр даңғылымен қиылысы, 26 сәуірден бастап 10 мамырға дейін Керей-Жәнібек хандар көшесінің Қабанбай батыр даңғылымен қиылысында қозғалыс уақытша шектеледі. Ал мамырдың 10-ы мен 15-і аралығында Қабанбай батыр даңғылының Орынбор көшесімен (Сығанақ к-сі) қиылысы жабылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу