Астанада "Alem Saz" халықаралық музыка фестивалі өтеді

510

Фестиваль 7-16 қараша аралығында болады.  

Астанада "Alem Saz" халықаралық музыка фестивалі өтеді Фото: inform.kz

Астанадағы "Qazaqstan" орталық концерт залында "Alem Saz" халықаралық музыкалық фестивалі өтеді, деп хабарлады inbusiness.kz Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерт ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Alem saz" – көптеген елдің мәдениетін әртістердің керемет шығармашылық ынтымақтастығы арқылы бір платформада біріктіретін халықаралық фестиваль. Жоба Қазақстан мен әлемнің 76 елімен арадағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің құрылғанына 30 жыл толуына орай және қазақ халқының аңызға айналған әншісі және Қазақстан мен КСРО-ның еңбек сіңірген әртісі Роза Бағланованың 100 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылды.

"Alem saz" халықаралық фестивалі бірлікке, ұлттық мәдениетті сақтау және дамыту, тарихи мұраға және мәдениетке құрмет атмосферасын қалыптастыруға, шығармашылық үдерістегі әлемнің түрлі елдерінің құндылықтарын сақтауға бағытталған.

Фестиваль барысында шетелдік әртістердің қойылымдары, қатысушы елдердің фильмдері көрсетіледі, сәндік-қолданбалы өнер мен гастрономиялық өнімдердің көрмелері ұсынылады, шеберлік сабақтары өтеді. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт, Сыртқы істер, Ақпарат және әлеуметтік даму министрліктерінің, сондай-ақ ҚР-дағы шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің, Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы ұйымдастырып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу