Астанада стоматология, отоларингология, жақ-бет және пластикалық хирургияға арналған тұңғыш халықаралық көрме өтті, деп хабарлайды Atameken TV.
Шараға медицина саласының үздіктері қатысып, өздерінің соңғы технологияларын таныстыруда. Көрме барысында әлемнің үзік дәрігерлері бас және жақ ауруларын емдеудің тәсілдерін айтып, өзара тәжірибе алмасты. Шара "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ұйымдастырылды.
"Қазіргі уақытта жанталасқан уақыт. Адамдарда стресс көп. Екінің бірінде жүйке жүйесінің ауруы бар. Психикасында ауытқушылық бар. Мұның барлығы негізінен бас пен жақ ауруларына жатады", - дейді ҚР Ұлттық денсаулық сақтау палатасының басқарма басшысы Тимур Құлахметов.