Астанада әлеуметтік азық-түлік жәрмеңкесі өтеді

1239

Шараға шамамен 200-ге жуық отандық азық-түлік өндіруші кәсіпорындар қатысады деп жоспарланған.

Астанада әлеуметтік азық-түлік жәрмеңкесі өтеді

Астанада әкімдіктің қолдауымен желтоқсанның 8-і мен 31-і аралығында "Биг шанхай" базарында әлеуметтік азық-түлік жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Онда қала тұрғындары жаңа жыл қарсаңында ет-сүт өнімдерін, жеміс-жидек, көкөніс, макарон мен кондитерлік және өзге де азық-түлік тауарларын төмендетілген бағамен, тікелей өндірушілерден ала алады.

Шараға шамамен 200-ге жуық отандық азық-түлік өндіруші кәсіпорындар қатысады деп жоспарланған.

Айта кетейік, мұндай әлеуметтік жәрмеңке 3 қарашадан - 3 желтоқсанға дейін "Алай" көтерме-бөлшек сауда орталығының ғимаратында  "Алтын күз" атауымен өткізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу