Астанада әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге өтінімдер қабылдау басталады

339

Бұл туралы қала әкімдігі мәлім етті.

Астанада әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге өтінімдер қабылдау басталады Фото: inbusiness.kz

2023 жылғы 1-15 қыркүйек аралығында Астанада әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін өтініштер қабылданатын болады. Ұйымдастырушы – қаланың Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне өз қызметін әлеуметтік кәсіпкерлік саласында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерді қоспағанда) енгізіледі. Тізілімге қатысу мемлекеттен қолдау алу және дамыту үшін кең мүмкіндіктер береді.

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес оған төрт санатқа жататын кәсіпкерлер енгізілуі мүмкін:

- халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамтуға ықпал ететін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері. Бұған мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар, зейнеткерлер мен зейнеткерлікке дейінгі жастағы азаматтар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үйі мен интернат тәрбиеленушілері, сондай-ақ ҚАЖ мекемелерінен босатылған әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы және толық емес отбасылардың ата-аналары, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар және наркологиялық аурулары медициналық-әлеуметтік оңалтудан өткен адамдар жатады.

- бірінші санаттағы халықтың әлеуметтік осал топтарының тауарларын сатуға, жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге ықпал ететін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері;

- тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау және бірінші санаттағы халықтың әлеуметтік осал топтарына қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері. Бұл санатқа сонымен қатар әртүрлі әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер, азаматтардың денсаулығын күту, сауықтыру және бақылау бойынша әлеуметтік-медициналық қызметтер, жұмысқа орналасуға және бейімделуге көмек көрсету қызметтері, медициналық техниканы өндірушілер мен денсаулық сақтау бағдарламалық жасақтамасын жасаушылар кіреді;

- отбасын, бала мен ананы қолдау, білім беру бағдарламаларын іске асыру, мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау, әлеуметтік қызметкерлер мен еріктілерді оқыту, қоршаған ортаны қорғау және басқа да көптеген қызмет түрлері саласындағы жұмысты жүзеге асыратын Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу