Астанада әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады

855

Қала бойынша 116 әлеуметтік нысанға (балабақш, мектеп, аурухана) жылу берілді.

Астанада әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады Фото: inbusiness.kz

Елорданың отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, қаладағы әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастаған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және жылу беру қағидаларына сәйкес ауа райының орташа тәуліктік температурасы +10 градус және одан төмен болған жағдайда 5 тәуліктің ішінде қалалық жергілікті атқарушы орган жылыту маусымының басталуы туралы шешім қабылдайды", делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта 116 әлеуметтік нысанға (балабақша, мектеп, аурухана) жылу берілді.

"Әлеуметтік нысандардан (балабақша, мектеп, аурухана, оңалту орталықтары) келіп түскен өтінімдер бойынша жылу беруді кезең-кезеңімен іске қосу туралы шешім қабылданды", делінген басқарма хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу