Қазақстан мен Бахрейн сыртқы саяси ведомстволары арасындағы саяси консультациялар өтті

402

Саяси консультациялар барысында тараптар достық пен өзара тиімді серіктестік қағидаттарына негізделген Қазақстан-Бахрейн қарым-қатынасының оң серпіні мен табысты дамуын жоғары бағалады. 

Қазақстан мен Бахрейн сыртқы саяси ведомстволары арасындағы саяси консультациялар өтті Фото: СІМ

12 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев пен Бахрейн Корольдігінің Сыртқы істер министрінің орынбасары Шейх Абдулла бен Ахмед Әл Халифаның төрағалығымен Қазақстан-Бахрейн саяси консультацияларының 1-ші раунды өтті.

Сұхбаттасушылар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, сауда және инвестиция, көлік-логистика, туризм, ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі, жастар және спорт салаларындағы ынтымақтастықты орнату және кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында тараптар сапарлармен алмасу тәжірибесін жалғастыруға, сондай-ақ екі ел арасындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейтуге ниетті екендіктерін растады.

Отырыс барысында күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер бойынша, сондай-ақ БҰҰ, ИЫҰ, АӨСШК, ШЫҰ және т.б. көпжақты құрылымдар аясындағы өзара тиімді серіктестік туралы пікір алмасу болды. Көпжақты ынтымақтастықтың маңызды аспектісі ретінде ағымдағы жылдың шілде айында Жидда қаласында алғашқы Саммиті өткен "Орталық Азия –Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесі" Диалогтық платформасын одан әрі дамыту мәселесі атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сыртқы істер министрліктері арасында тығыз диалогты жалғастыруға келісті және екіжақты консультацияларды тұрақты өткізудің қажеттілігін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу