Астанада алғаш рет Routes Silk Road 2019 авиабағыттар форумы өтеді

704

Routes Silk Road іс-шаралары 2015 жылдан бері өткізілген жоқ. Соңғы кездесу Грузияда өткен болатын.

Астанада алғаш рет Routes Silk Road 2019 авиабағыттар форумы өтеді

Форумның негізгі идеясы – ТМД, Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Орталық Азия үшін бағыттарды дамыту, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Астана Конвеншн Бюро" ЖШС-нің хабарлауынша, Routes Silk Road 2019 форумы биылғы жылдың 15-17 шілдесінде өткізілетін болады. Ол аймақтық авиакомпаниялар, әуежайлар мен туристік билік өкілдерінің басын қоспақ.

Routes Silk Road іс-шаралары 2015 жылдан бері өткізілген жоқ. Соңғы кездесу Грузияда өткен болатын.

"Астана әуежайы үшін "Routes Silk Road" халықаралық көрмесі маңызды оқиға болып табылады. Конференция өзін жоғары деңгейдегі әуежай деп жариялауға, жаңа жолаушылар терминалын ұсынуға, жаңа және бар бағыттардың дамуын талқылауға мүмкіндік береді", – дейді Астана халықаралық әуежайының бас директоры Рәділбек Әдимолда.

Routes Silk Road форумының қайта ұйымдастырылуы шараны қолдаушы IATA тарапынан жоғары бағаланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу