Астанада алғаш рет ТМД бойынша "Seedstars" стартап-инкубаторы ашылады

611

Орталықта әлем бойынша 70 мыңнан астам стартапер, кәсіпкер мен инвесторлар бар. Жобаға қосылғаннан кейін Астана да бірыңғай желінің бөлшегіне айналмақ.

Астанада алғаш рет ТМД бойынша "Seedstars" стартап-инкубаторы ашылады

1 желтоқсан 2018 жылы Астана қаласының әкімдігі "BI-group"-пен бірлесіп, кәсібін енді бастағалы жатқан кәсіпкерлер үшін ТМД көлемінде "Seedstars" халықаралық компаниясы басқарып отырған халықаралық технологиялық стартап-инкубатор ашылады. Орталық ЭКСПО маңындағы "Hilton Astana" отелінде орналасқан, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласы инвестиция және кәсіпкерлікті қолдау басқармасы МБ мен халықаралық бизнес инкубаторлары "Seedstars" және "BI Property" ЖШС арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.

Келісім шеңберінде қатысушы компаниялар салған инвестицияның арқасында Астана қаласында адам капиталын дамыту үшін бірегей алаң құрылады, онда қаланың әрбір тұрғыны керемет тәжірибе алып, жаңа технология саласында жеке жобасын іске асыра алады және жастардың әлеуетін дамытуға басымдық беріледі.

Әрбір қазақстандық әзірлеушінің алдында ІТ-технологиясы саласындағы әлемдік тенденцияға қолжетімді мүмкіндік ашылады. Бұл "Seedstars" басқаратын ТМД көлеміндегі бірден бір коворкинг-орталық болмақ.

Халықаралық бизнес-инкубатордың серіктестерінің бірі Дэвид Дэкомбес "орталықта әлем бойынша 70 мыңнан астам стартапер, кәсіпкер мен инвесторлар бар. Жобаға қосылғаннан кейін Астана да бірыңғай желінің бөлшегіне айналып, тәжірибе алмасуға және  технологияның дамуы үшін өзіне үлкен мүмкіндіктер ашатынын"  айта кетті.

Алаңда 14 коворкинг-кеңсе қарастырылды және де коливинг аумағынан техникалық шешімдерді әзірлеу үшін және қалалық тапсырмаларды шешуге бағытталған мобильді қосымшаларды іске қосуға ыңғайлы 14 орындық қарастырылды.

Қазіргі таңда "BI Property" компаниясы "Hilton Astana" отелінің территориясында жобаны іске толықтай қосу үшін кеңсе дайындауда. Жөндеу жұмыстары осы жылдың 1 желтоқсанына дейін аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу