Астанада Қазақстандағы көлік апталығы аясында алғаш рет халықаралық "Көлік және логистика" көрмесі жұмысын бастады. Оған әлемнің 17 елінен 226 компания қатысуда. Көрме алаңында еншілес компанияларымен бірге "PTC Holding" көліктік-логистикалық инвестициялық тобы да бар.
Орталық Азия елдеріндегі тасымалдау қызметтердің негізгі бөлігін қамтитын ірі оператор серіктестерімен жаңа бағыттар мен контейнер тасымалы бойынша көлік дәліздерін кеңейту мәселесін қарастыруда.
Көрмеге Еуропа мен Орта Азия елдерінің логистика саласындағы компаниялары жиналды. Олардың барлығы жүк тасымалдау тиімділігін арттыру мен жеткізу жағдайларын жақсартуға мүдделі. Диалог алаңына Қазақстандағы ең ірі Контейнерлік және фитингтік платформалардың операторы "PTC Holding" де қатысуда. Олар Еуропа мен Қытай және Орталық Азиядағы жаңа маршруттар мен инфрақұрылымын одан әрі кеңейтуде көздеуде. Компания өкілдері бұл көрмені көптен күткенін айтады. Өйткені бұл шараға жаңа көлік дәлізіндерін құруға қатысты барлық серіктестер мен негізгі қызмет алушылар жиналған.
"Біз үшін бұл көрменің маңызы үлкен. Талқыланатын тақырыптардың да ауқымы кең. Мұнда Қытай-Ресей көлік дәлізін құру мәселесін талқыланып жатыр. Сондай-ақ, алда Транскаспий және Қытай мен Орта Азия бағыттарын іске қосу күнтәртібінде тұр. Бұған дейін Транскаспий бағыты бойынша пойыздардың алғашқы легін сынақтан өткізген болатынбыз. Біз шара аясында Еурапалық, Ресейлік және Қытайлық серіктестерімізбен келіссөздер жүргіздік. Мұнда контейнерлік пойыздардың транзиттік бағыттары құруға басымдық берілді", - дейді PTC Cargo коммерциялық директоры Мария Баландина.
Қазақстанның ең үлкен контейнер тасымалдаушы саналатын серіктестікке Қытаймен шекара бойындағы "Достық" терминалы тиесілі. Тұрақты нәтижелер және ұзақ мерзімді өсуді мақсат тұтқан компания алдағы уақытта Грузиядан "Поти" терминалы мен Өзбекстаннан "Ташкент" терминалын ашуды көздеуде. Мамандар алға қойған жоспарлар орындалса тауар түрлері мен қызмет түрлері көбейеді дейді.
"Жаңа маршрутты құруда құрылымдық және географиялық шектеулер бар. Әйтсе де Әзірбайжан, Грузия және Қазақстандық әріптестерімізбен біз бұл мәселелерді шешуге белсенді кірісіп кеттік. Олар диалогқа дайын. Бұл бағытқа қазір сұраныс үлкен екені байқалады. Бір ғана мәселе бұл жолдың Ресей аумағы арқылы өтпеуіне байланысты. Сондықтан географиялық тұрғыдан бұл көлік дәлізіне қосылу мүмкін емес. Алайда белсенді қызмет көрсететін Новосібір бағыты бар. Ресейлік серіктестер бұл бағытқа барынша атсаласыды деген ойдамыз", - дейді PTC Cargo коммерциялық директоры Мария Баландина.
Компания өкілдері көрменің бірінші күнінде-ақ шетелдік серіктестермен контейнерлік тасымалдау мәселелерін талқылап, бірқатар келісімдерге қол жеткізгенін айтады. Өйткені холдингтің сапалы қызметіне қызығушылық танытқан серіктестер жыл санап көбейіп келе жатыр. Осылайша алдағыц уақытта нарықта өзіндік ерекше артықшылықтары бар ірі логистикалық оператор үшін жаңа бағыттар ашылып, көрсететін қызметтердің ауқымы одан әрі кеңейе түспек.