Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында жергілікті брендтерді қолдау және креативті кәсіпкерлікті дамытуға арналған алғашқы Astana Pop Up Store дизайн-фестивалі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Фестивальге Қазақстанның әр өңірінен келген 50-ден астам қатысушы өздерінің авторлық киімдерін, әшекей бұйымдарын, интерьер заттарын, косметикасын, қолөнер өнімдері мен инновациялық әзірлемелерін таныстырды.
Көптеген кәсіпкер үшін бұл шара елорда тұрғындарымен алғаш рет кездесіп, өнімдерін көпшілікке ұсынып, жаңа идеяларын сынақтан өткізуге және тұтынушылардың пікірін білуге мүмкіндік берді.
Дизайн-маркеттен бөлек, фестиваль аясында гастрономиялық аймақ, серіктестердің арнайы жобалары және мәдени бағдарлама ұйымдастырылды. Іс-шара қазақстандық Moldanazar тобының концертімен аяқталды.