Астанада алғашқы қысқы марафонның жеңімпаздары анықталды

744

Астанада алғашқы қысқы марафонның жеңімпаздары анықталды

Елордада Astana "Winter Marathon: мүмкіндіктер жиегінде" жарысы аяқталды. 10, 21 және 42 км 195 метр қашықтығын үш жас санаты бойынша 400 адам қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы. 

Марафон Астана әкімдігі мен ҚР жеңіл атлетика федерациясының ұйымдастыруымен өтті.  

Ұйымдастырушылардың мәліметінше аталған қашықтықты еңсерген қатысушыларға медаль берілді. 

Жүлде мен бағалы сыйлықтар үш жас санаты (18-34, 35-44, 45+) бойынша әр қашықтықта алғаш келген қатысушыға берілді. 

10 шақырым қашықтықта Арман Ғалымов пен Әсем Меркажанова,  21 км Павел Брода, Асел Құспанова, ал марафонның абсолюттік жеңімпазы болып Асқар Жаңабергенов танылды. 

"Астана триатлон паркінде"  өткен марафонға 298 ер адам, 90 әйел қатысты. Жүгіруге қатысқан ең жас қатысушы 9 жаста. Ал ең ересек қатысушы 70-те. 

Жарысқа қатысуға тіркелгендер арасында ҚР Президенті әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков, "Қазақстанның даму банкі" АҚ төрағасы Болат Жәмішев және басқа да мемлекеттік құрылымдар мен бизнес өкілдері болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу