Астанада алғашқы рет есту мектебі ашылды

563

Бүгінгі күні Қазақстанда есту қабілеті бұзылған 200 мыңға жуық адам бар, оның 700-нің есту қабілеті туа бітті бұзылған. Жыл санап есту қабілетінен айырылудың көрсеткіші 5%-ға артып отыр.

Астанада алғашқы рет есту мектебі ашылды

Қалалық №2 балалар ауруханасы жанынан есту қабілеті нашар жандарға арналған арнайы мектеп ашылды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

"Мектепті ашудағы негізгі мақсат – есту қабілетінен айырылған балалар мен олардың ата-аналары үшін профилактикалық шараларды жиі ұйымдастыру, есту аппараттарын қолданатын балалармен тікелей жұмыс істеу және отоларинголог, сурдолог, психолог, невропатолог, генетик мамандарының кеңесін тыңдау, дәрігерлер мен балалар және олардың ата-аналары арасында көпір орнату", – дейді Әсел Құдайбергенова №2 қалалық балалар ауруханасының сурдолог дәрігері.

Ауруханаға алдын ала жазылып тіркелу арқылы дәрігердің толық тексерісінен өтуге болады. Аурухана толық заманауи технологиямен жарақтандырылған, бәрі тегін. 

"Бүгінгі күні Қазақстанда есту қабілеті бұзылған 200 мыңға жуық адам бар, оның 700-нің есту қабілеті туа бітті бұзылған. Жыл санап есту қабілетінен айырылудың көрсеткіші 5%-ға артып отыр",– деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу