7 шілде жыл сайынғы тәртіпаралық Astana Art Fest фестивалі аясында алғаш рет "Қаланың ДНК-сы: Қауымдастық.Бизнес.Билік" урбанистикалық форумы Астана қаласының әкімі Ә.О.Исекешевтің қатысуымен өтеді, деп хабарлайды astana.gov.kz.
Халықаралық сарапшылар және қалалық жобалау мамандары, ірі құрылыс компанияларының басшылары, тиімді қала диалогы мен дамуын талқылайды, халықаралық және жергілікті сараптамамен бөліседі. Форум қалалық қауымдастық, бизнес, және билік өкілдері арасында қалалық алаңға айналады деп жоспарланған.
"Біз қаланың құрылып, қалыптасуының кәугері болдық . Осы жылдар ішінде біз бірнеше рет халықаралық деңгейдегі форумдар өткіздік. Тұрғындар саны 1 миллионға жетті. Бүгінде оның саны күн санап өсуде. Астана мегаполиске айналып барады деп сеніммен айта аламыз. Барлық мегаполистердегідей бізде де бірнеше мәселелер бар: қаланың дамуында қауымдастықтың рөлі қандай, қаланың тұрақты экономикасы неден құралады, қалалық көліктердің жұмысын тиімді ету үшін не істеу керек? Біз өткізіп жатқан форумда осы және өзге де сұрақтарға барлық қызығушылық танытқан тараппен бірге жауап іздеуді мақсат еттік", - деді Астана қаласының урбанистика орталығы басшысының орынбасары Асхат Садуов.
Форум аясында Астана қаласының урбанистика орталығы мен Art Fest Astana фестивалі және Есіл ауданы әкімдігі бірлесіп Work in Progress Astana жобасының тұсауын кеседі.