Астанада алимент төлемеген тұрғынға 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды

108

Алимент бойынша берешек 5 млн теңгеге жуықтаған.  

Астанада алимент төлемеген тұрғынға 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды Фото: egemen.kz

Астана тұрғыны бұрынғы жұбайының алимент төлеуден жалтаруына байланысты "Сарыарқа" ауданының прокуратурасына жүгінген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Прокуратура мәліметінше, борышкер алимент төлемегені үшін бұған дейін де, 2025 жылы, қылмыстық жауаптылыққа тартылған. Соған қарамастан оның алимент бойынша берешегі шамамен 5 млн теңгеге жеткен.

Сотта азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Оған пробациялық бақылау белгіленіп, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Прокуратура алимент төлеуден жалтару балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатынын және мұндай әрекет қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу