Астанада алимент төлемеген борышкер 5 тәулікке қамалды

427

Оның берешегі 19 млн. теңгеден асқан.

Астанада алимент төлемеген борышкер 5 тәулікке қамалды Фото: inbusiness.kz

Астана қаласы Нұра ауданының прокуратурасы алимент бойынша берешек сомасын өндіріп алу туралы талдау жүргізу барысында 2015 жылдан бері 19 млн.теңгеден астам берешегі бар алимент төлемеген тұлғаны анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Аудан прокуратурасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 669-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғады.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен борышкер 5 тәулікке қамауға алу әкімшілік жауапкершілігіне тартылды.

Елорда прокуратурасы алимент төлеуден жалтарғаны үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілік немесее 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу, сондай-ақ 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу