Астанада альпинист салынып жатқан көпқабатты үйден құлады

462

Оқиға 9 ақпан күні Бұқар жырау көшесінде болған.     

Астанада альпинист салынып жатқан көпқабатты үйден құлады Фото: Видеодан скриншот

Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешенінің шатырынан өнеркәсіптік альпинист құлап кетті. Оқиғаның мән-жайын полиция департаменті баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

1997 жылы туған ер адам ауруханаға жеткізілді. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

BI құрылыс компаниясының баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, альпинист шамамен 16:00-де терезе жуып жатқанда құлап кеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, жұмысшы 9-қабатта тепе-теңдігін жоғалтқан, ал төмен түсуге дайындық сәтінде сақтандыру жүйесі бекітілмей қалуы мүмкін.

"Зардап шеккен адамға ота жасалды, ол есін жиды. Еңбек инспекциясының қатысуымен тексеру жүргізіліп жатыр", – деп атап өтті компания өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу