Астанада алты айда қызылшаның 117 жағдайы анықталды

517

Ауырғандардың басым бөлігі – 14 жасқа дейінгі балалар

Астанада алты айда қызылшаның 117 жағдайы анықталды Фото: Риа Новости

Астана қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сарқыт Бейсенова қаладағы эпидемиологиялық ахуалға тоқталды, деп жазады inbusiness.kz.

"Биылғы 6 айда қызылшаның 117 расталған жағдайы тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 97 жағдай. Атап айтқанда, жетеуі жасы бойынша егілген болса, 90 бала ата-анасының бас тартуы себебінен екпе алмаған", - деді Сарқыт Бейсенова өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Алғашқы 6 айдың қорытындысы бойынша елордада инфекциялық, паразиттік және аса қауіпті инфекциялар бойынша жағдай тұрақты деп бағаланып отыр, деп жалғастырды спикер.

"Бүгінгі таңда тырысқақ, іш сүзегі, ботулизм, дифтерия, листериоз, сібір жарасы, қышыма және т.б. жұқпалы аурулар тіркелмеген. Санитариялық қызмет тұрақты негізде жүргізетін жұқпалы аурулар бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың нәтижесінде 8 нозология бойынша жағдайлардың төмендеуіне қол жеткізу мүмкіндік берді. Мәселен, салмонеллез 42 пайызға, жедел ішек инфекциясы 5 пайызға, скарлатина 56 пайызға, бактериялық менингит 36 пайызға, серозды менингит 14 пайызға, желшешек 40 пайызға, энтерабиоз 24 пайызға, педикулез 44 пайызға төмендеді", - деді ол.

Сарқыт Бейсенованың сөзінше, туберкулез, эпидпаратит, В және С вирусты гепатиттерінің көрсеткіштерін өткен жылдың ұқсас кезеңінің деңгейінде ұстап тұру мүмкін болды.

"Бірқатар инфекция бойынша сырқаттанушылықтың өсуі байқалды: вирустық А гепатиті және менингококк инфекциясы 6 есеге, қызылша 117 жағдайға өсті", - деді қалалық бас мемлекеттік санитариялық дәрігері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу