Астанада алты балабақшаның құрылысы басталды

981

Астанада алты балабақшаның құрылысы басталды

Астанада 2020 жылға қарай үш жастан алты жасқа дейінгі балаларды балабақшамен қамтуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы. 

Астанада әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы жалғасып жатыр. 

Бүгінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша 1 680 орынға арналған алты балабақшаның құрылысы басталды (пайдалануға 2019 жылы беріледі). 

2020 жылға қарай 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз қамту жоспарлануда. 

Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім мекемелерімен қамту 28,2% құрайды. (былтыр 70,6% болған).

2017 жылы туу санының өсуі мен көші-қонның есебінен халықтың ағылып келуіне байланысты балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту және тәрбиелеу үшін екі мемлекеттік балабақшаның құрылысы аяқталды. Тағы да мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 980 орынға арналған екі балабақша пайдалануға берілетіні жоспарлануда. 

Осы жылы қазан айында 79 жекеменшік балабақшаға 9 076 орынға мемлекеттік тапсырыс беріліп, қосымша 300 млн теңге бөлінді. 

Жалпы алғанда жекеменшік балабақшаға мемлекеттік тапсырыс үшін 2,7 млрд теңге бөлінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу