Астанада алтын өзге өңірлерге қарағанда 1,5 есе қымбат

816

Астанада алтын өзге өңірлерге қарағанда 1,5 есе қымбат

Астана күміс әшекейлері қымбат Қазақстандағы үш қаланың біріне кірді. Бұл туралы Energyprom.kz сарапшылары хабарлады,  деп жазады Today.kz. 

Елорданың алтыны елдегі ең қымбат алтын, ол алматылық дүкендердегі алтыннан екі есе қымбат. Бас қаладағы аталған бұйымның бағасы бүкіл Қазақстан бойынша орта есеппен 1,5 есе қымбат. 

Астанадағы алтынның бір граммы 2018 жылдың сәуірінде 23,9 теңгені құрады (бір жылға +16,9 пайыз), Атырауда – 18,7 теңге (бір жылға +31,3 пайыз, елдегі үлкен қалалардың ішіндегі ең көп өсім), Өскеменде – 18,6 мың теңге (өткен жылға +1,1 пайыз). 

Күмістің де құны өскен. Күміс граммына 1,4 мың теңгені сұрап тұр.

Ең қымбат баға Атырауда – 2,1 мың теңге (бір жылға +10,8 пайыз), Алматыда – 1,9 мың теңге (бір жылға +6,5 пайыз), Астанада – 1,8 мың теңге (+21,8 пайыз). Ең көп өсім Шымкентте тіркелді – бір жылға 32,9 пайыз, сәуірдің қорытындысы бойынша 1,5 мың теңге. 

Бір жылдың ішінде (2017 жылдың сәуірінен 2018 жылдың сәуіріне дейін) алтын өндіру көлемі ҚР бойынша 8 пайызға өскен, күміс өндірісі құлдыраған – бір жылға 6,5 пайызды құрады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу