Астанада алып сәби дүниеге келді

663

Нәрестенің салмағы – 5 келі 75 грамм, бойы – 58 см.  

Астанада алып сәби дүниеге келді Фото: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Пациент жүкті әйелдер патологиясы бөліміне түсті. Жүктіліктің 41-аптасында толғатып, кейін босану блогына ауыстырылды. Диананың денсаулығын басты назарға алдық. Ол табиғи жолмен босанды. Диана үшінші баласын босанды. Осыған дейінгі сәбилердің салмағы 4500, 4600 грамм болатын. Анасы да, бала да өздерін жақсы сезінеді", - деді акушер-гинеколог дәрігер Динара Издибаева.

Алып сәбиді дүниеге әкелген ана дәрігерлерге алғыс айтты.

"Ақхалатты абзал жандардың кәсіби біліктілігінің арқасында бәрі жақсы өтті. Өте қуаныштымын әрі ризамын. Осындай кәсіби мамандар көп болсын! Жұмыстарыңыз жемісті болсын! Дәрігерлерге көп рахмет!" - деді Диана.

Дәрігерлердің айтуынша жаңа туған нәрестенің қалыпты салмағы: ұлдар үшін 3 400-3 500 грамм, бойы 44,2–55,66 сантиметр, қыздар үшін – 3 200-3 400 грамм, бойы 43,6–54,7 сантиметр, орташа салмақ – 2500-ден 4500 грамға дейін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу