Елордада Анадолы көшесі ашылды

385

Қыркүйек айында Мемлекет басшысы Түркияның ғасырлық мерейтойына орай Астана көшелерінің біріне Анадола есімін беруді тапсырған болатын.

Елордада Анадолы көшесі ашылды Фото: gov.kz

Ашылу салтанатына Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Есіл ауданының әкімшілігі және түркиялық дипломаттар қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты елорда әкімдігіне сілтеме жасап. 

Есіл ауданындағы көше осыған дейін № 28/1 сандық атаумен болған.

"Түркия Қазақстанды тәуелсіздігімен құттықтаған алғашқы ел және екіжақты қарым-қатынас орнатқан бірінші мемлекет екені ел есінде. Біздің ата-бабаларымыздың анты орындалды, енді Түркия мен Қазақстан арасында жылы және достық қарым-қатынас орнады. Анкарада Қазақстанның атымен аталған көше бар, сол сияқты өткен жылы біз осы қалада халық ұстазы Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіш аштық, Ыстамбұлда Абай мүсіні де орнатылды. Сонымен қатар ынтымақтастықтың басқа да көптеген түрлері бар. Анадолы көшесінің ашылуы осы жақсы дәстүрдің жалғасы болып саналады және біз мұндай іс-шаралар үнемі жалғасатынына сенімдіміз. Екі ел арасындағы қарым-қатынас нығая берсін", – деп атап өтті Есет Байкен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу