Астанада АӨСШК саммитіне 11 мемлекеттің басшылары қатысады

684

12-13 қазан күндері өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің алтыншы саммитіне 50-ге жуық делегация келеді. 

Астанада АӨСШК саммитіне 11 мемлекеттің басшылары қатысады

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Осы аптада Қазақстан астанасында жоғары және аса жоғары деңгейде бірқатар халықаралық іс-шара өтеді. 12-13 қазан күндері өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің алтыншы саммитіне 11 мемлекет басшысы қатысады. Олар: Әзербайжан, Ирак, Иран, Қатар, Қырғызстан, Ресей, Палестина, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан басшылары. Бір төрағаның орынбасары, бір вице-президент және 5 министр қатысады деп күтілуде", – деді Айбек Смадияров министрлікте өткен брифингте.

Сонымен бірге АӨСШК бақылаушы мемлекет ретінде Беларусь Президенті Александр Лукашенко да саммитке қатысады.

"Жоғары деңгейдегі кездесу АӨСШК шақыру туралы бастаманың 30 жылдығына орайластырылып Қазақстанның төрағалығымен өтеді. Шараға мүше мемлекеттердің, байқаушы елдер мен ұйымдардың, серіктес ұйымдардың бірінші басшылары, сондай-ақ Қазақстан тарапының қонақтары шақырылды. Барлығы 50-ге жуық делегация келеді деп күтіліп отыр. Азия кеңесінің саммиті пандемиядан кейінгі кезеңде Қазақстанда ғана емес, жалпы континентте де аса ауқымды саяси оқиғалардың біріне айналады деп айтуға болады. Алдағы саммит қазақстандық төрағалықтың басты іс-шарасы, оның ішінде біздің төраға ретіндегі екі жылдық жұмысымызды қорытындылаймыз", – деді ресми өкіл.

Саммит барысында бірқатар құжаттар мен шешімдерді қабылдау жоспарланған. Шараны дайындау шеңберінде Астана қаласында биылғы 10-11 қазанда өтетін Азия кеңесі аға лауазымды тұлғалар комитетінің отырысын өткізу көзделіп отыр.

Бұған дейін осы аптада Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін халықаралық іс-шаралар туралы жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу