Астанада АӨСШК-тің V бизнес-форумы өз жұмысын бастады

997

Астанада АӨСШК-тің V бизнес-форумы өз жұмысын бастады

Елордада Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің V бизнес-форумы басталды. Форумға ұйымға мүше 34 мемлекет пен бақылаушы ел өкілдері қатысып жатыр, деп хабарлайды Baq.kz.

Шараны ұйымдастырушылар – ҚР Ұлттық экономика министрлігі, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ және АӨСШК хатшылығы.

Маңызды жиында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев, "Даму" қорының басқарма төрағасы Қаныш Тулеушин, Түркияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уянык, Азия Даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінің директоры Джованни Капаннелли, АӨСШК атқарушы директоры, елші Гун Цзяньвэй, Қытай сауда палатасының машина жасау және электронды өнімдердің импорт және экспорты жөніндегі президенті, АӨСШК Іскерлік кеңесінің төрағасы Ч.Юйцзин және басқа да халықаралық сарапшылар сөз сөйлейді. Жалпы бизнес-форумға АӨСШК-ке мүше 34 ел мен бақылаушы ел өкілдері қатысып жатыр.

Мәжіліс қорытындысы бойынша "Даму" қоры мен "МСП корпорациясы" АҚ (Ресей), "Беларусь кәсіпкерлерді қаржылай қорғау қоры" және Моңғолияның шағын және орта кәсіпкерлік қоры арасында, сондай-ақ "Атамекен" ҰКП мен Моңғолия шағын және орта кәсіпкерлік қоры арасында меморандумға қол қою жоспарланған.

Сондай-ақ, жиын барысында "Әйелдер кәсіпкерлігін дамытуды қолдау – АӨСШК елдерінің тәжірибесі" атты және "Микроқаржыландыруды дамытудың аймақтық үрдістері" тақырыбында форумдар ұйымдастырылмақ.

Бизнес-форум барысында екі күн бойы қазақстандық өндірушілердің "KazFranch-2016" атты көрмесі өтеді. Форум 11 қарашада аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу