Астанада апатты үйлердің тұрғындары үшін 3000 жуық пәтер салынады

600

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек, апатты және ескі үйде тұратын елордалықтарды жарылқаймын деп уәде берді.

Астанада апатты үйлердің тұрғындары үшін 3000 жуық  пәтер салынады Фото: GOV.KZ

Олар үшін алдағы 3 жылда 3000ға  жуық жаңа пәтер салынады. Әкімнің сөзінше, бас қалада 200-ден астам апатты үй бар. Қазір сүрілетін баспаналардың тізімі жаңартылып жатыр.

Жалпы Астанада ұзын саны 16 тұрғын үй алабы бар екен, онда әрбір төртінші елордалық тұрады. "Пригородный" алабының тұрғындарымен кездесіп, жұртшылықтың базынасын тыңдаған Жеңіс Қасымбек, көтерілген мәселелердің шешілуін жеке бақылауында ұстайтынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу