Астанада әрбір екінші қылмыс бейнекамера арқылы ашылады – әкім

85

Қаланың интеллектуалды көлік жүйесі белсенді дамып келеді. 

Астанада әрбір екінші қылмыс бейнекамера арқылы ашылады – әкім Фото: inbusiness.kz

2027 жылға қарай Астанада үздік әлемдік тәжірибелерге сай көлікті басқарудың толыққанды жүйесі құрылады. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қаланың интеллектуалды көлік жүйесі белсенді дамып келеді. Бағдаршамдардың 40 пайызы автоматты режимде жұмыс істейді. 2026 жылы бұл көрсеткіш 82 пайызға жетеді. 2027 жылға қарай қалада үздік әлемдік тәжірибелерге сай көлікті басқарудың толыққанды жүйесі құрылатын болады. Presight AI компаниясымен бірлесе Smart Cityжобасы іске қосылды. Қауіпсіздік пен жылдам әрекет ету үшін бейнеаналитикасы бар 20 мың камера орнатылуда. Қазір әрбір екінші қылмыс бейнекамералар арқылы ашылады", – деді қала әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Интеллектуалды көлік жүйесі мен SMART city-қаланы басқарудың цифрлық платформасына кіреді. Бұл тұрғындар жолдардағы жүктемені азайта отырып, ыңғайлы, жылдам және қауіпсіз қозғала алатын экожүйені жасақтауға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, бұған дейін Астана әкімі бір жылы аялдаманы орнатуға қанша қаражат кететінін айтқан болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу