Астанада арбитраж палатасы құрылды

1021

Астанада арбитраж палатасы құрылды

Астанада Қазақстанның арбитраж палатасы құрылды, деп xабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Палатаның алғашқы құрылтай сиезі ҚР Әділет министрлігінде өтті.

"Жаңа қоғамдық ұйым еліміздегі арбитрлерді үздіксіз қызмет ететін ұйымға біріктіріп отыр. Бұл коммерциялық емес ұйым бізде алғаш рет құрылды. Ол сонымен қатар xалықаралық арбитраж ұйымдарымен байланысты тереңдетуге ықпал жасайды. Арбитраж палатасының құрылуы елдегі отандық арбитраждың дамуын жаңа деңгейге көтереді", – деді әділет вице-министрі Зәуреш Баймолдина.

Қазақстанның арбитраж палатасы xалық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарды жүргізіп, заң шығару процесіне және палата мүшелерінің кәсіби біліктілігін арттыруға атсалысады. Азаматтар дауларды арбитраж арқылы шешудің жолдарын білетін болады. Бұл өз кезегінде судьяларға түсетін салмақты азайтпақ. Палатаның құрылуы отандық арбитраж институтын жаңа деңгейге көтереді деп күтілуде. 2016 жылдың 30 қарашасы осы сала тарихында қуатты қозғалыс – Қазақстан арбитраж палатасының құрылған күні ретінде қалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу