16-18 шілде аралығында Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен, Астана қаласының әкімдігі және Қазақстан Республикасының сәулетшілер одағымен бірлесіп халықаралық сәулетшілер конгресі өтуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Халықаралық іс-шара Астана қаласының 20 жылдығына арналып отыр.
Ол қазіргі заманғы отандық сәулет өнерін дамыту, кәсіби тәжірибе алмасу және жергілікті ерекшелікті жаһандық контексте дамыту мақсатында өтіп жатыр.
Конгреске 20-дан аса әлем елдерінің жетекші сәулетшілері, урбанистері мен зерттеушілеріқатысуда; отандық сәулетшілер мен инженер-жобалаушылар,барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың өкілдері, технологиялық компаниялар, жобалық бюролар, инженер-жобалаушылар, студенттер, билік пен бизнес өкілдері, қала белсенділері, урбанистер, экономистер, философтар, қазіргі заманғы суретшілер.
Конгресс барысында қатысушылар үшін халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылады, дөңгелек үстелдер, мастер-кластар, табысты шетелдік сәулетшілер мен урбанистер дәрістер оқиды, сондай-ақ жас сәулетшілер мен студенттер үшін стартап-уикенд форматында байқау өтеді.