Көктал кентінде орналасқан 375 орындық білім ошағы қараша айында пайдалануға беріледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.
Осы күні бас қалада 3 мыңға жуық бала инклюзивтік білім берумен қамтылып отыр. Қалалық білім басқармасының жетекшісі Ануар Жанғозинның айтуынша. Астанада ерекше білім беру қажеттілігі бар 10 297 бала ПМПК тіркеуде тұр, оның 2151-і 0 мен 18 жас аралығындағы мүгедек.
"2849 бала инклюзивтік білім берумен қамтылған. 13 мектепке дейінгі меке мен 51 жалпы білім беретін мектепте соматикалық және ауытқуы бар науқас балалар білім алуда. Бұған қоса 230 бала жалпы білім беретін мектеп негізінде үйден оқытылып жатыр", - деді қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени дамуы жөніндегі тұрақты комиисяның отырысында білім басқармасының жетекшісі Ануар Жанғозин.
Оның айтуынша елордадағы 84 мектептің 75-інде немесе жалпы мектептердің 89% инклюзивтік білім алуға қажетті жағдай жасалған. Пандустар, тұтқа орнатылып, дәретхана жасақталып, тактильді жолдар мен 8 мектепте жеделсаты орнатылды. Бұған қоса үш мектепке мүмкіндігі шектеулі балаларды инватаксимен жеткізу жолға қойылды.