Астана полициясы есірткі саудасының ірі арнасын әшкереледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Құқық қорғау органдары синтетикалық есірткі таратылатын екі интернет дүкеннің қызметін тоқтатты.
Негізгі ұйымдастырушы 23 жастағы қыз болып шықты. Ол есірткіні сатып алу мен сақтаудан бастап тұтынушыларға жеткізуге дейінгі барлық процесті үйлестірген.
"Қылмыскерлер Telegram-ды сауда жасау үшін пайдаланды", – деп жазылған Астана Полиция департаменті хабарламасында.
Жедел уәкілдер күдіктілердің мекен-жайлары бойынша 30 тінту жүргізді. 15 адам ұсталды.
Бұған дейін осы топтың қатысушысы, яғни 26 жастағы астаналық ұсталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу