ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің мәліметінше, іс-шара сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін қаланың №1 индустриалды паркінің аумағында ұйымдастырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жаттығу барысында Индустриалды парк аумағында автокөлік құралдары мен тұрғындардың қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.
Осыған байланысты Мемлекеттік күзет қызметі тұрғындар мен қала қонақтарын өткізілетін жаттығуға түсіністікпен қарауға шақырады. Сондай-ақ азаматтарға құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындау, тек ресми ақпарат көздеріне сену және жалған ақпарат таратпау қажеттігі ескертіледі.