Әлеуметтік желілерде ҚР Ішкі істер министрлігіне қарасты "Сұңқар" арнайы жасағының қызметкеріне шабуыл жасалды деген ақпарат тарады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қалалық ПД мәліметінше, 21 жастағы ер адам автокөлік жүргізушісіне аңшылық мылтықтан оқ атып, кейін оқиға орнынан қашқан.
"Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетті. Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды", – делінген хабарламада.
Полиция жәбірленушінің құқық қорғау органдарының қызметкері екенін растады.
"Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Мылтық тәркіленді. Жәбірленуші – құқық қорғау органдарының қызметкері, ол оқиға кезінде еңбек демалысында болған", – деп нақтылады ПД.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге де ақпарат жария етілмейді.