Астанада әртүрлі өңірлерден келген кәсіпкерлердің қатысуымен жәрмеңке өтті

70

Елордадағы Keryen Joly сауда орталығы аумағында осы демалыс күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Астанада әртүрлі өңірлерден келген кәсіпкерлердің қатысуымен жәрмеңке өтті Фото: canva

Жәрмеңкеде Ақмола, Абай, Қарағанды, Түркістан, Павлодар және өзге де облыстардан келген 30-ға жуық кәсіпкер өз өнімдерін ұсынып отыр.

Сатып алушылар көкөністер мен жемістерді, ет, ұн, сүт өнімдерін, нан-тоқаш өнімдерін, шырындарды, тосаптарды және басқа да көптеген тауарды тиімді бағада сатып ала алды.

Мұндай жәрмеңкелердің өткізілуі бағаның өсуін тежеуге және жергілікті өндірушілерді қолдауға көмектеседі. Орта есеппен, жәрмеңкеге бір күнде 7-10 мың адам келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу