Астанада ашылған "Келешек мектебі" екі білім мекемесіндегі үш ауысым мәселесін шешті

156

Мектепте қауіпсіз орта қалыптасқан. 

Астанада ашылған "Келешек мектебі" екі білім мекемесіндегі үш ауысым мәселесін шешті Фото: Астана әкімдігі

Астанадағы №114 жалпы білім беретін "Келешек мектебінің" директоры Ұлбала Тойлыбаева бұл білім ордасының ашылуы осы аудандағы үш ауысымды екі мектеп мәселесінің шешілуіне себеп болғанын айтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазіргі таңда мектебімізде 2326 оқушы бар. Біз осы жердегі бала саны нормадан асып кеткен екі білім беру беру мекемесінің, яғни №37 мен №32 мектептердің үш ауысым мәселесін шештік. Екі мектептен 1400 бала ауысып келді. Қазір біз бір ауысымнан асып, 300-ден астам бала екінші ауысымда оқып жатыр. Мектебіміз осы жаңа оқу жылында ғана ашылды. Соған қарамастан, біздің шәкірттеріміз қалалық, облыстық, республикалық байқаулардан жүлделі орындарды иеленіп жатыр", – деді ол.

Директордың сөзінше, "Келешек мектептері" тек әдемі, кең ғимараттар ғана емес.

"Бұл жерде баланың білімі, тәрбиесі қалыптасып жатыр. Сондықтан білім алуға барлық материалдық жағдай жасалғанымен қатар, құндылық жағынан да ерекше назар аударамыз", – деді ол.

Директор мектептегі қауіпсіздікке тоқталды.

"Ол Face ID жүйесі арқылы балалардың кіріп-шығуымен жасалып отыр. Одан бөлек инклюзивті білім беру нормасына сәйкес, ерекше қажеттілігі бар балалар лифтпен жүруіне болады. Сондай-ақ балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған қосымша білім беру қарастырылған. Спорт үйірмелері, тігін, STEM үйірмелері бар", – деді директор.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу