Астанада әскери қызметші мұздың астына түсіп кеткен баланы құтқарды

462

9 жасар бала ауруханаға жеткізілді.  

Астанада әскери қызметші мұздың астына түсіп кеткен баланы құтқарды Фото: Google

Астанада ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшісі Ақбұлақ өзенінің мұзына құлап кеткен тоғыз жасар баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оқиға 18 наурыз күні болған. Мақсат Розақов жұбайымен бірге "Алатау" спорт кешеніне бара жатқанда көмек сұрап айқайлаған дауыс естіген. Ол баланы судан шығарып көмектесіп жатқанда, әйелі дәрігерлерді шақырған.

"Көпірге жүгіріп барған ол өзеннің мұзының астына түсіп кеткен 2013 жылы туған Р.Фатоевты көреді. Әскери қызметші жедел әрекет етіп, баланы судан дереу шығарып алған", - деп мәлімдеді ҚР Мемлекеттік күзет қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу