Елордада еліміздің бас қаласының 25 жылдығына арналған "Астана –мәдениет керуені" әскери оркестрлерінің I Халықаралық әскери-музыкалық фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мереке күні Есіл жағалауындағы жазғы амфитеатр сахнасында Әзербайжан, Үндістан, Қытай, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Жапонияның әскери музыкалық ұжымдарының өнерін паш еткен Band Marathon өтті.
Фестивальде Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық әскери оркестрі, Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі және Ұлттық ұланның үлгілі-көрсетілімді оркестрі қатысады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу