Астанада "AstauFest-2022" III Халықаралық фестивалі өтіп жатыр. Оған 8 мемлекет пен республикамыздың 13 өңірінен 100-ден астам студент, сайысқа қатысушы шеберлер және сарапшылар келді, деп жазады inbusiness.kz.
"Халықаралық фестиваль креативті мамандар үшін идеяларды талқылап, жүзеге асырудың жаңа тетіктерін іздейтін, жаңаша шешімдер қабылдайтын, оны қазақстандық білім беру саласына енгізетін алаңға айналып отыр", - деді Астана қалалық "Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі" директоры Зәуре Қылышбаева.
Халықаралық іс-шара аясында конкурстық бағдарлама, конференция, байқаулар, шеберлік сыныптары мен тренингтер болады деп айтылған. Фестиваль қалалық Білім басқармасының қолдауымен Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде өтіп жатыр.
Айта кету керек, іс-шара 4 қазанда бастау алды.