Астанада "ASTAUFEST-2023" гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр

446

Фестиваль аясында Астанада Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия және Ресей елдерінен келген аспаздар арасында шеберліктен жарысы өтеді. 

Астанада "ASTAUFEST-2023" гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада үш күнге созылатын "ASTAUFEST-2023" гастрономиялық фестивалі басталды.

  • Жеңімпаздар үш санат бойынша анықталады: студенттер, кәсіби аспаздар және аспаздар тобы.
  • Байқауға қатысушылар ыстық және салқын тағамдардың түрлерін ұсынуы керек. Олар дайындалатын тағамның формасы мен композициясын өздері таңдайды.

2023 жылы жарыс бағдарламасына жаңа номинация – "Гастрономиялық стартап" енгізілді. Ондағы жеңіс үшін қатысушылар бизнес-процестерді зерттеуге барынша кірісіп, аспаздық бағытындағы өздерінің коммерциялық жобаларын ұсынуы керек.

"Бұл іс-шара гастрономия мен мәдениеттің ерекше мерекесі болмақ. Студенттер өзге ұлттардың аспаздық ерекшеліктерін бақылай алады, өздеріне қажет бірнәрсе үйрене алады және жаңа таныстар таба алады.

Сонымен қатар, бұл жыл сайынғы фестиваль Қазақстанда гастрономиялық туризмді дамытуға көмектеседі, әсіресе Сіздің еліңізде гурмандарды таң қалдыратын нәрсе бар", – деп атап өтті қазылар алқасының мүшесі, Өзбекстан аспаздар қауымдастығының бас технологы Талибжан Умаралиев.

Фестивальге түрлі елдердің білім беру мекемелерінен 80-нен астам адам қатысады, оның ішінде Анталияның тамақтану және қонақ үй бизнесі колледжі, Екатеринбург сауда-экономикалық техникумы, Қазан қаласынан Халықаралық сервис колледжі, Ю.А. Готцев атындағы якут технологиялық техникумы және басқалары бар.

"Жастардың белгілі бір мамандықтың қыр-сырын түсінуге ұмтылуы маңызды.

Бұл туралы Мемлекет басшысы өз сөзінде бірнеше рет қозғап өткен. Сондықтан мұндай іс-шаралар өте пайдалы, өйткені ол қоғамдық тамақтану саласындағы жұмыстың тартымдылығын арттырады және студенттерді кәсіби өсуге ынталандырады", – деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті директорының орынбасары Ақзира Қасымова.

Фестиваль қонақтарына аспаздық сайыстан басқа ойын-сауық бағдарламасы да дайындалған.

"Елорданың қоғамдық тамақтану және сервис колледжінің аумағында корей стрит-фудының көрмесі өтеді, сондай-ақ "Қазақ ауылы" павильоны ашылады, онда қазіргі заманғы ұлттық рецепттер көрсетіледі, Өзбекстаннан келген әріптестер қатысушыларға ұлттық палауын сыйлайды, ал біздің студенттер нан-тоқаш өнімдерінің неше түрін ұсынады", – деді Астана қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Алла Король.

Жеңімпаздарды марапаттау 5 қазанда өтеді. Олар іс-шараның демеушілерінен медальдар мен сыйлықтар алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу