Астанада асық атудан қалалық жарыс өтіп жатыр

177

Іс-шара "Аспан" спорт кешенінде ұйымдастырылды. 

Астанада асық атудан қалалық жарыс өтіп жатыр Фото: turaninfo.kz

Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында Конституция күніне арналған жастар мен ересектер арасында асық атудан қалалық ашық кубогы өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Асық ату ойындарында Павлодар және Ақмола облыстарынан, қаланың бес ауданынан және Көкшетау қаласынан келген 16 команда өзара бақ сынасуда.

"Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғатпен тығыз байланыста болып келеді. Оның үстіне ұлтымыз көшпенді халық болғандықтан, біздің тұрмыс-тіршілігіміз көбінде мал шаруашылығына негізделген. Сол себепті де қазақ халқының ұлттық ойындары осыған икемделген. Әсіресе төрт түліктің ішінде балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты. Сондықтан асық ойындары ұлттық ойындар ішіндегі ең көне спорт түрі деп атауға болады. Оның үстіне асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ептілікке, ұстамдылыққа тәрбиелейді. Міне, бұл біздің ұлттық ойындарымыздың бірден бір артықшылығы және құндылығы деуге болады", - деді асық ату спортынан Астана қаласының аға жаттықтырушысы Ескендір Рахметов.

Жалпы 60-ға жуық 18 жастан асқан спортшылар қатысқан бұл дүбірлі додаға V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жолдама алған спорт шеберлері де қатысып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу