Елордада ат спортынан әлемдік деңгейде бірнеше жарыс өтеді

111

Бұл – еліміздің спорт қауымдастығы мен ат спорты жанкүйерлері үшін маңызды оқиға болмақ. 

Елордада ат спортынан әлемдік деңгейде бірнеше жарыс өтеді Фото: Ұлттық Олимпиадалық комитет

Астанада конкур бойынша Еуразиялық лига Кубогының кезеңі (FEI CSI1-W) және аттың жүріс мәнері, яғни дрессура бойынша халықаралық турнир (FEI CDI1) өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Әлемдік деңгейдегі жарыстардың өткізілуі туралы толығырақ Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Азамат Ағзамов айтып берді.

Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 30 мамыр мен 1 маусым аралығында Астанадағы "Арғымақ" ат-спорттық-сауықтыру кешенінде Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) қолдауымен конкурдан Әлем кубогының кезеңі өтеді. Сонымен бірге халықаралық спорт күнтізбесіне енген CDI1 санатындағы дрессура турнирі де ұйымдастырылады.

Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және басқа да елдерден 60-тан астам шабандоз қатысады. Бұл 2026 жылы өтетін ат спорты бойынша әлем чемпионатына жолдама алуға қажетті рейтинг ұпайларын жинауға үлкен мүмкіндік болмақ.

Турнир аясындағы дрессура сайысы – шабандоз бен аттың үйлесімділігі, дәлдігі мен шеберлігі бағаланатын жоғары деңгейлі спорт түрі. Спорт пен өнердің тоғысқан көрінісі, көрермен үшін де ерекше әсерлі шоу болмақ.

Жыл соңына дейін Астанада мынадай ат спорты жарыстары өтеді:

  • Шілде: Елорда кубогы құнан бәйге, аламан бәйге, жорға жарыс және ашық көкпар турнирі;
  • Тамыз: Конституция күніне арналған республикалық бәйге;
  • Қыркүйек: Маусым қорытындысына арналған көкпар сайысы;
  • 25 қазан: Республика күніне арналған конкур жарысы;
  • Желтоқсан: Тәуелсіздік күніне арналған қысқы конкур турнирі.

Аталған жарыстың барлығы ұлттық спортты дәріптеуге, мәдени мұрамызды сақтауға және қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу