Астанада ата-анасының қайтыс болғанын айтып, ақша жинаған адам ұсталды

244

Ол әріптестерін алдау арқылы жерлеу рәсіміне қаражат жинаған.    

Астанада ата-анасының қайтыс болғанын айтып, ақша жинаған адам ұсталды Фото: Оңалхан Өнерхан

Полиция қызметкерлері алаяқтықпен айналысқан 35 жастағы ер адамды қолға түсірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті алдымен әкесінің, кейіннен анасын қайтыс болды деп жалған ақпарат таратқан.

Осылайша, адамдардың жанашырлығы мен сеніміне кіріп, қаражат иеленіп отырған. Тексеру барысында ер адамның ата-анасы аман-есен екені анықталды.

Сонымен қатар, полиция оның осындай тәсілмен кемінде 10 алаяқтық дерегіне қатыстылығын тексеруде.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу