Астанада атақты "Әдемі ханшайым" картинасын 10 күнде 7 мыңға жуық адам тамашалады

226

"Леонардо да Винчидің туындысы Астанаға келуіме түрткі болды".

Астанада атақты "Әдемі ханшайым" картинасын 10 күнде 7 мыңға жуық адам тамашалады Фото: Ақорда

"La Bella Principessa" картинасын өз көзімен көру үшін Астанаға еліміздің әр өңірінен ағылған адамдар аз болмады. Олар түрлі интернет-ресурстар арқылы картинадан алған әсерін жарыса бөлісіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

ҚР Ұлттық музейінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Леонардо да Винчидің бірегей туындысын осы уақытқа дейін 6772 адам тамашалап үлгерген. Көбіне ересектер (3727 адам), шетелдіктер (1017 адам) және мектеп оқушылары (764 адам) көруге мүмкіндік алған.

Өскемендік суретші Оксана Қалиакперованың айтуынша, ерекше сезім сыйлайтын суретті көруге ұмтылу керек.

"Леонардо да Винчидің туындысы Астанаға келуіме түрткі болды. Қазақстанның мәдениетін көтеріп, ұлы өнермен, ұлы суретшімен араласуға мүмкіндік берген ұйымдастырушыларға ризамын. Бөлме музыкалық және көрнекі сүйемелдеумен безендірілген екен. Туындының ерекше әсер еткені соншалық, бір сәт лифтпен көтеріліп бара жатқандай әсерде болдым. Әлеуметтік желіде көргеніміз бен бөлмеде көргеніміз мүлде басқа. Баруға тұрарлық дүние", - дейді Оксана Қалиакперова.

Айта кетейік, мұнда 23 маусым күні таңертең Ольга Батуринаның Леонардо да Винчидің өнері туралы лекциясы өтеді. Толық ақпарат алу үшін ҚР Ұлттық музейіне хабарласуға болады.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Қазақстанда алғаш рет Леонардо да Винчидің "Әдемі ханшайым" картинасы көпшілік назарына ұсынылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу