Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында Атырау облысының креативті индустрия өкілдері өз жұмыстарын таныстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Екі күнге созылған Atyrau Creative Days жәрмеңкесіне өңірден 20-ға жуық шебер қатысты.
Іс-шараның ашылуына Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов қатысып, қолөнер бұйымдары, дизайнерлік жұмыстар мен авторлық жобаларды тамашалады.
Жәрмеңке аясында көрме, сән көрсетілімі, театрландырылған қойылым және 3D технологияларға арналған жобалар ұсынылды. Сонымен қатар Creative Talks форматында креативті индустрияның қазіргі бағыттары, жаңа идеялар мен шығармашылық кәсіптің мүмкіндіктері талқыланды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, кездесулер сала өкілдерінің тәжірибе алмасуына және жаңа кәсіби байланыстар орнатуына мүмкіндік берді.