Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты қала маңындағы автобустар тоқтатылды

207

Бұл туралы CTS компаниясы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты қала маңындағы автобустар тоқтатылды Фото: City Transportation Systems

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Астанада бірқатар қала маңындағы автобус бағыттарының қозғалысы уақытша тоқтатылды. 

Қозғалысы шектелген бағыттар қатарында №310, 315, 316, 317, 327, 328, 329 маршруттары бар.

Бұған дейін "Қазгидромет" елордада дауылды ескерту жариялаған еді. Қазіргі уақытта қалада қар жауып, боран соғып, көктайғақ пайда болды. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, кей жерлерде 23 м/с-қа дейін жетіп отыр.

Қала әкімдігі қолайсыз ауа райына байланысты қар тазалау жұмыстары күшейтілгенін мәлімдеді.

— 10 наурыз таңынан бастап қар тазалауға 2 600-ге жуық жұмысшы мен 1 645 арнайы техника жұмылдырылды. Соңғы екі күнде коммуналдық қызметтер 38 524 текше метр қарды 2 726 жүк көлігімен қала сыртына шығарды. Алдымен негізгі жолдар, қоғамдық көлік қатынайтын бағыттар тазартылып, содан кейін вокзал маңы, алаңдар, тротуарлар мен әлеуметтік нысандардың кіреберістері қардан аршылуда, — деп хабарлады әкімдік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу