Астанада ауа-райының қолайсыздығынан 500-ден астам адам жарақат алды

377

Жарақат алған жағдайда дереу медициналық пункттерге жүгіну қажет. 

Астанада ауа-райының қолайсыздығынан 500-ден астам адам жарақат алды Фото: inbusiness.kz

Астанада қатты көктайғақ салдарынан күніне 500-ден астам адам жедел жәрдем қызметіне жүгінді, оның 126-сы балалар, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Ауа-райы жағдайына байланысты 5 желтоқсан күні сағат 08:00-ден 6 желтоқсан күні сағат 08:00-ге дейін травматологиялық пункттерге барлық 514 өтініштер келіп түскен. Соның ішінде, 126-ы – балалар, 365-і көшеде жүрген адамдар (балалар - 37) және ауруханаға жатқызылғандардың қатарында 33 адам бар (2 бала)", - деп хабарлады Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы елорда тұрғындарына жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін барынша сақ болып, жалпақ табаны бар ыңғайлы аяқ киім киюді ұсынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу