Қолайсыз ауа райы, жылу қазандықтары және көліктен шығатын зиянды заттардың мөлшері ұлғайған. Салдарынан қаланы қою түтін тұмшалап тұрады. Айта кетейік, соңғы 4 жылда шаһарда тіркелген көлік саны 47 мыңға артқан. Жеке секторда 22 мың үй көмір тұтынады. Бұдан бөлек қалада 1800-ге жуық табиғат пайдаланушы кәсіпорын бар. Олардың саны 2017 жылмен салыстырғанда 8 пайызға артық.
Рустам Жүсіпов, қала бойынша экология департаментінің бөлім басшысы: "Бірінші қаңтардан бастап Астана метеорологиялық жағдайы қолайсыз қалалар тізіміне енді. Ауаның ластануы ең жоғары деңгейде. Сондықтан бірінші санаттағы нысандар үшін қоршаған ортаны ластау көрсеткішін 98 мың тоннаға дейін азайтттық. Бұл жылу орталықтары, асфальт-бетон зауыттары және өзге де ірі өндіріс ошақтарының зиянды заттар шығымы қысқарады деген сөз. Оған қоса, жеке сектор тұтынатын көмір сапасын қадағалау керек. Жалпы Астанаға көгілдір отын келсе, түтін мәселесі біржола шешілер еді”,- дейді.