Астанада әуежай маңындағы өрт сөндірілді

312

Әуежай ауданындағы құрғақ шөптің жануы 3 гектар алаңда сағат 18.48-де сөндірілді. 

Астанада әуежай маңындағы өрт сөндірілді Фото: ТЖМ

Елордалық әуежай ауданындағы құрғақ шөптің жануы сөндірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 

"Елордалық гарнизон өрт сөндірушілерінің күшімен әуежай ауданындағы құрғақ шөптің жануы 3 гектар алаңда сағат 18.48-де сөндірілді. 

Естеріңізге сала кетейік, өрт сөндіру техниканың жану аймағына баруы қиын болғаны, желдің өрттің таралуына ықпал етуі өртті сөндіруді қиындатты", - делінген баспасөз хабарламасында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу