Астанада аукцион өткізуде блокчейн технологиясы қолданылады

1036

Астанада аукцион өткізуде блокчейн технологиясы қолданылады

Астана қаласының инвестициялар және даму басқармасы мен жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы бірлесе отырып, Blockchain технологиясын енгізу бойынша BitFury салаcының жетекші компаниясымен үшжақты серіктестік меморандумына қол қойды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

"Біз мемлекетке деген сенімділікті арттыру мен анықтылықты қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметтер мен рәсімдер үшін жаңа регламенттерді енгізуді қалаймыз. Бұл мемлекеттік сатып алымдар, тендерлерге, жерге, тапсырыстарға қолжетімділік, құрылыс бизнесіндегі жаңа стандарттар мен регламенттер. Қазіргі таңда Астана қаласында ақылы түрде уақытша жерді пайдалануға құқықты сату бойынша аукционды өткізу үшін блокчейн технологиясын енгізу сынамалы жобасын іске асырып жатырмыз", — деді инвестициялар және даму басқармасының басшысы Әлішер Әбдіқадыров меморандумға қол қою барысында.

Оның айтуынша, аталған технологияны қолдану арқылы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыруға, салық және басқа қызметтермен үйлестіру жайлылығын қоса алғанда физикалық байланыссыз құжаттар айналымын электронды жүйеге ауыстыруға болады, нотариалдық қызметтерді қажет етпейді және де енгізілген деректер өзгертілмейді, мемлекеттік ақпараттық ресурстар анықтығына жәрдемдесуге және сыбайлас жемқорлықтын алдын алады.

Ал, жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Анзор Абаев: "Біз қазір бұл жүйенің жұмыс істейтініне сенімдіміз, болашақта аталған технологияны жылжымайтын мүліктің барлық нарығына енгізу мәселесін қарастыруымыз керек", – деді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу