Астанада ауқымды жалпы қалалық сенбілік басталды

221

"Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі" атты кең ауқымды экологиялық акция аясында 11 қазан күні таңертең елордада жалпы қалалық сенбілік басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанада ауқымды жалпы қалалық сенбілік басталды Фото: Астана әкімдігі

Оған қала тұрғындары, еңбек ұжымдары, мемлекеттік органдар қызметкерлері, шағын және орта бизнес субъектілері (базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, кафе, мейрамханалар және басқалар), волонтерлер, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар, мәдениет және спорт қайраткерлері, сондай-ақ ПИК (МИБ) өкілдері және басқа да ұйымдар қатысып жатыр. 

Экоакция аясында Астанада қала аумағын санитарлық тазалау, нөсер және арық жүйелерін тазарту, көшелерді, тротуарларды, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді жинау жұмысы жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар жасыл желектерді күтіп-баптау және отырғызу бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар, сауда нысандарына іргелес аумақтарды тазалау, рұқсатсыз қоқыс үйінділерін жою және басқа да шаралар өтуде.

Қала тұрғындары елорданың тазалығы мен тәртібін сақтау ісіне белсенді атсалысып жатыр. Тұрғындар аула болып бірігіп, өз аудандарында тазалық жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу